Тәулік сайын ШҚО-да жүздеген адамның коронавирус жұқтырғанын естіп те, оқып та жатамыз. Бұл індеттен сақтану үшін қарапайым гигиеналық ережелерді сақтаған жөн. Коронавирустық инфекциядан қорғаудың негізгі сақтық шаралары:
Қолыңызды жиі жуыңыз!
Вирустар көбіне қолда шоғырланады. Себебі қолмен түрлі заттарды ұстаймыз. Сондықтан антисептикпен залалсыздандырып немесе сабынмен жуыңыз.
Тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтаңыз.
Жөтелгенде және түшкіргенде ауызды және мұрынды майлықпен немесе шынтақ буынымен жабыңыз. Майлықты дереу қоқыс контейнеріне тастап, қолыңызды антисептикпен өңдеңіз немесе сабынмен жуыңыз.
Жөтелу және түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу вирустар мен басқа қоздырғыштардың таралуын болдырмайды. Егер олай жасамасаңыз, микробтар сіздің қолыңызға, содан кейін заттарға немесе адамдарға тарауы мүмкін.
Қоғамдық орындарда қашықтықты сақтаңыз.
Адамдардан кем дегенде 1 метр қашықтықта болыңыз. Жөтелу немесе түшкіру арқылы 2019-nCoV сияқты респираторлық инфекциямен ауыратын адам, айналасына вирус таратады. Егер сіз мұндай адамға тым жақын болсаңыз, онда вирус жұқтырып алуыңыз әбден мүмкін.
Мүмкіндігінше көзді, мұрынды және ауызды қолмен ұстамаңыз.
Қолмен инфекцияны көзге, мұрын немесе ауыз қуысына көшіруге болады.
Егер температураңыз жоғарылап, жөтел қысып және тыныс алу қиындаса, мүмкіндігінше тезірек медициналық көмекке жүгініңіз.
Маска тағыңыз.
Ауаны өткізу қабілетіне қарай медициналық масканы 1-2 сағатта ауыстырып тұру қажет. Егер медициналық маска арнайы бактерия жоятын затпен өңделсе 3-5 сағатқа дейін қолдануға болады. Дегенмен маска түшкірген не жөтелгенде су болып қалғанда дереу жаңасына ауыстыру керек.
Жұмыс орыныңызды үнемі желдетіп, дымқыл тазалық жұмыстарын жасауды ұмытпаңыз.
Дендеріңіз сау болсын!