2016 жылдың 5 қарашасы күні Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне Өскемен қаласының «Дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми зерттеу арнайы мектеп-кешен орталығының», «Дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы мектеп-лицей-интернатының», Оралхан Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейінің және Зайсан ауданының М. Әуезов атындағы орта мектебінің түлектері келді.     

Кездесуде ректордың міндетін атқарушы Николай Линокке, ШҚО ББ «Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы» директорының орынбасары Аяужан Ашимоваға сөз берілді, олар мамандарға қойылатын заманауи талаптар мен университеттің халықаралық серіктестері, студенттердің академиялық ұтқырлығы туралы мектеп бітірушілерін хабардар етті. Ақпараттық технологиялар және бизнес факультеті деканының орынбасары Ақлима Қрықпаева «Мектеп-ЖОО» жобасын жүзеге асыру» туралы баяндама жасады.  

Инженерия факультетінің деканы, т.ғ.д. профессор Михаил Дудкин, жер туралы ғылымдар факультетінің деканы, т.ғ.д. Талант Рыспаев факультет мамандықтарының презентациясын жасады. Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Жоғары техникалық колледжінің мамандықтары туралы, колледж директоры, ф.ғ.д, доцент Жақсыкелді Нәзбиевті тыңдады.   

Оқушылар үшін университет зертханаларына экскурсиялар ұйымдастырылды. Қонақтар «Робототехника, мехатроника және электроника», «SIEMENS және MITSUBISHI ELECTRIC фирмаларының контроллерлерін бағдарламалау», «Түсті, асыл, сирек және шашыранды металдар металлургиясы», «Машина жасау» зертханаларын көрді,  университетке түсу сұрақтарына, дайындық курстары және конкурстар мен олимпиадаларға қатысу тәртібі туралы ақпараттар алды.

Мектептер мен колледждерді кәсіби бағдар шараларын бірлесіп өткізуге шақырамыз.