Адам ғұмырына ауадай қажет қанға зәру жандарға, өмір мен өлім арасында жатқан науқастарға екінші өмір сыйлау – сауапты іс.

Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ қызметкерлері мен студенттері Қан орталығы ұйымдастырған акцияға қатысуға ниет білдірді. Таңертен сағат 9 –дан бастап орталықтан медбикелер мен арнайы автобус университетке келіп жұмысты бастап кетті. Акцияны қолдап келген әрбір донор алдымен медициналық тексеруден өтті, яғни гемоглобин және қан қысымы тексерілді. Сараптаманың нәтижесі шыққаннан кейін ғана адам қан тапсыратын автобусқа жіберілді.

Айта кетсек, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, тұрақты түрде қан тапсыратын донорлардың өмірі шамамен 5 жылға ұзарады екен. Ал бір рет қан тапсырған донор орта есеппен үш адамның өмірін құтқарады. Бұл қоғамға ғана емес, қан тапсырушы адам үшін де пайдалы.

Донор болып, өзгеге өмір сыйлаңыз!