Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша зерттеу тақырыптарын көкейтесті етуге арналған ҚР білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті тарапынан 2013 жылдың 15 қарашасында «Қазақстан аймақтарының шекаралық-салалық даму ерекшеліктері олардың бәсекеге қабілетті мамандануын анықтау негізі ретінде» атты жергілікті семинар өткізіледі.

Аталған семинардың мақсаты - стратегиялар мен механизмдерді жаңғыртуды, Қазақстан Республикасы аймақтарының инновациялық-технологиялық дамуы мен аймақтардың өзара қызметтестігін талқылау, атаулы саладағы маңызды мәселелерді шешу бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу және ұсыну.

Семинардың жұмысы төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

  • Қазақстан экономикасындағы өзгерістердің аймақтық проблемалары және шекараларды дамытуды ынталандыру механизмдерін қалыптастыру әдістері.
  • Экономикалық өрлеу мақсаттары үшін Қазақстан аймақтары дамуының шекаралық-салалық ерекшеліктерін зерттеу.
  • Өндіріс факторларын орнықтыруды оңтайландыру және өсімнің аймақтық нысандарын және бәсекеге қабілеттілік полюстарын қалыптастыру.
  • Қазақстан Республикасының аймақтық инновациялық және технологиялық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдері.

Жергілікті семинардың қорытындысы бойынша баяндамашыларға семинарға қатысқаны туралы сертификат беріледі.

Жергілікті семинардың өткізілу орны - Өскемен қ., Серікбаев көшесі, 19, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Г-1-101 мәжіліс залы, басталуы 15.00