Obuda University - біздің көп жылдық стратегиялық серіктесіміз. 2018 жылдан бері бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізіп, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын дамытуда белсенді жұмыс істеп келеміз. Айқын мысалдар ретінде «Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша бірлескен бағдарламалар, халықаралық конференцияларға қатысу, онлайн курстар өткізу және ғылыми жарияланымдарды атап өтуге болады.

Бүгін қол қойылған меморандум біздің ынтымақтастығымызға жаңа серпін беріп, жаңа кезеңнің бастамасы болады деп сенемін. Еуропаның жетекші техникалық университеттерінің бірімен әріптестікті кеңейту білім беру мен ғылым салаларындағы дамуымыздың қуатты қозғаушы күшіне айналады.

Бұл - Қазақстан мен Венгрия арасындағы академиялық байланысты тереңдетуге және ВКТУ-дың халықаралық білім кеңістігіндегі орнын нығайтуға жасалған нақты қадам.