Бүгін 146 талапкер Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ қабырғасында Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға кірісті. Биыл біздің ЖОО 800-ге жуық мектеп түлегі емтихан тапсыратын болады.
ҰБТ ағымдағы жылдың 29 маусымына дейін жалғасады. Тестілеу барысын Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймардановтың төрағалығымен Мемлекеттік комиссия мүшелері қадағалайды.
Университет қазіргі жағдайда тестілеуді өткізуге толық дайын. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау үшін ғимарат алдындағы алаңда лабиринт орналасқан. Дезинфекциялық тоннель, аяқ киім өңдеуге арналған кілемше, санитайзер орнатылған.
Температураны өлшеу және талапкерлердің тұлғаларын сәйкестендіру байланыссыз қашықтықта жүргізілді. Аудиторияға жіберер алдында мектеп түлектерін металл іздегішпен тыйым салынған заттардың бар-жоғына тексерді.
Талапкерлер екі сағат сайын бетпердені ауыстыратын болады, сол үшін әрбір аудиторияда пайдаланылған маскалар үшін урналар қойылды.
Аудиториялар бейнекамералармен, кондиционерлермен, кварц шамдарымен және ұялы байланыс сөндіргіштерімен жабдықталған. Дәрісханалар мен барлық ғимаратты толық дезинфекциялау күн сайын жүргізіледі. Сонымен қатар, медициналық кабинет дайындалып, жабдықталды.
ҰБТ өту кезінде тестілеудің онлайн-трансляциясы өткізіледі.