Бүгін талапкерлер Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қабырғасында Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыра бастады.
ҰБТ 2024 жылдың 10 ақпанына дейін өтеді. Тестілеу барысын ШҚТУ ректорының м.а. Сапарходжаев Нұрбек Пажарбекұлының төрағалығымен мемлекеттік комиссия мүшелері бақылайды.
Айта кетейік, өткен жылы ғылым және жоғары білім Министрлігі негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсыру және үздік нәтижемен гранттар беру үшін конкурсқа қатысу мүмкіндігін ресми түрде бекітті. Егер ақылы негізде түсу үшін ҰБТ тапсырудың тағы үш мүмкіндігі бар екенін ескеретін болсақ (қаңтар, наурыз, тамыз), онда 2024 жылғы талапкерлер тестілеуден бес рет өте алады.