Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қабырғасында сәуірдің 14-30 аралығында «EduWeek EKTU-2025» академиялық онкүндігі басталды.
Онкүндік аясында облыс оқушылары арасындағы олимпиадалар, «Оқу бағдарламаларының хит-шеруі» кәсіптік бағдар беру шарасы және университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының ашық сабақтары өтеді. Сондай-ақ, қаржылық сауаттылықтан бастап табысты басқару қадамдарына дейінгі өзекті мәселелерді қозғайтын практикалық воркшоптар, шығармашылық шеберлік сыныптары мен дөңгелек үстелдер өткізу жоспарлануда. Білім алушыларымызды құнды кеңестері мен тәжірибелерімен бөлісетін өз саласының мамандарымен қызықты кездесулер күтіп тұр. Академиялық онкүндік бойы бізбен болыңыздар!