Сәулет, құрылыс және энергетика мектебінде профессорлық оқытушы құрам үшін «The use of artificial neural networks in construction and environmental engineering» тақырыбында семинар өтті.
25 қыркүйектен 6 қазан аралығына жоспарланған семинарды PhD докторы, Польша Лоблин технологиялық университеті менеджмент факультетінің доценті Monika Kulisz өткізді.
30-ға жуық мектеп декандары, ұстаздар мен магистранттар кездесу барысында еуропа елдерінде қолданылып жүрген «Қоршаған орта инженериясында жасанды нейронды желілерді пайдалану тәжірибесін», «Құрылыстағы машиналық үйрету әдістемелерін» зерделеді.
Семинар қорытындысы бойынша, экоқұрылыс және экология саласындағы кейінгі ынтымақтастықты дамытуға келісім жасалды.