Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ 22.04.2022 жылы «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК ШҚ ОФ Оқытушы-профессорлар құрамы және сәулет және құрылыс Мектебінің «Автомобиль жолдарын жобалау және салу» білім беру бағдарламасының студенттерімен «ведомстволық сараптама және порталмен жұмыс, автожол жобаларындағы сапаны бақылау, диагностика және паспорттау, қауіпсіздік мониторингі, техникалық қадағалаудың функциялары мен міндеттері, нормативтік құжаттар» тақырыбында ауқымды семинар өткізуді жоспарлап отыр.
Семинарға ШҚО жергілікті атқарушы органдары, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК орталық аппараты қатысады.
Семинарды өткізу уақыты: 10:00-17:00 (Г1-101).