"Жер қойнаулары тәуелсіз сарапшыларының кәсіби бірлестігі" - бұл тау-кен саласындағы сарапшылардың, кәсіпқойлардың және еңбек жолын жаңадан бастап жатқан мамандардың бірлестігі. "Жер қойнаулары тәуелсіз сарапшыларының кәсіби бірлестігі" - CRIRSCO отбасына кіретін дүние жүзіндегі көптеген басқа ұйымдармен қатар халықаралық деңгейде танылған кәсіби ұйым (RPO) болып табылады.

2024 жылы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекске сәйкес Қазақстан толығымен халықаралық стандарттарға көшеді.

Осыған байланысты ұйымның Атқарушы комитеті KAZRC стандарты бойынша кен орындарын бағалап және жаңа кодекстің негізгі ережелерін түсіндіре отырып геология саласындағы жетекші мамандарға арналған семинарлар ұйымдастырады.

Семинарға төмендегі мамандар қатысады:

  • "ГЕОС" ЖШС,
  • "Геопроект" ЖШС,
  • "Геопроект Восток" ЖШС,"Шығыстүстімет" ЖШС,
  • "Геопроект корпорациясы" ЖШС,
  • "Ертіс ресайклинг" ЖШС және т. б.

Д. Серікбаев ат. ШҚТУ оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары семинарға тегін қатысады.

Өскемен қаласында мұндай семинар алғаш рет ұйымдастырылуда.