2017 жылдың 16 қарашасында Назарбаев Университетінің өкілдері Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ-ға сапармен келді.

Назарбаев Университетінің академиялық іс-шаралар бөлімінің қызметкері Айдана Сіргебаева мен Назарбаев Университетінің Жоғары бiлiм беру мектебiнің ассистент профессоры Мишель Сомертон "Инклюзивті білім беру.

Бұл қандай білім беру тұжырымдамасы мен түрі болып табылады, Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі бар ма. Назарбаев Университеті магистранттарының Қазақстандағы инклюзивті білім беру саласында ғылыми-зерттеу тәжірибесі" тақырыбында семинар өткізді. Кездесуге университет оқытушылары мен студенттері қатысты. Семинар ағылшын тілінде жүргізілді, орыс тіліндегі аудармасы қоса берілді.

Университеттер арасында тәжірибе бөлісу және ынтымақтастықты нығайту шаралары аясында Назарбаев Университетінің Тау-кен және жер туралы ғылымдар мектебі (факультеті) қауымдастырылған профессоры  Насер Маданиесфахани "Минералды ресурстарды бағалау" тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс ағылшын тілінде оқылды. Ағылшын тілінде білім алатын ITPS OK магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ Жер туралы ғылымдар факультетінің магистранттары мен  студенттері қатысты.

Жанар Оналбаева, «Тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі
инновациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі м.а.