8 қыркүйек күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де «Минералдық ресурстар тапшылығы: Қазақстан Республикасындағы минералдық-шикізат базасын қамтамасыз ету бойынша тұрақты даму жолдары» тақырыбында семинар өтті.
Семинар жұмысына жаратылыстану мұражайынан аталған семинардың үйлестірушісі Доктор Раймар Зальтманн, Жер туралы ғылымдар факультетінің деканы Талант Рысбаев, ҒИжК басқармасының басшысы Тамара Сегеда, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің ғалымдары Галия Бекенова, Борис Дьячков, Алла Долгопалова қатысты.
Семинарда төмендегідей баяндамалар тыңдалды:
- «Гео ғылыми ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мақсатында мансапты дамыту арналған мүмкіндіктер»,
- «Наноматериалдар мен гео ғылым саласында оқып, зерттеулер жүргізу үшін жаңа технологиялар мен аналитикалық жүйелер: ҚР мен ШҚМТУ арасындағы ынтымақтастықтың мүмкіншіліктері»,
- «Жаңадан табылған минералдардағы сирек элементтердің минералдануын зерттеу»,
- «Шығыс қазақстандағы геодинамикалық эволюция және металлогения»,
- «Ерекше металдарға Ұлыбританияның қызығушылығы: Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықтың жаңа бастамалары»,
- «Қазақстан мен Ұлыбританияның ынтымақтастық мүмкіндігі ретінде жас мамандардың біліктілігін арттыру».
Одан әрі, ғалымдар келесі тақырыптар бойынша өздерінің зерттеулерімен семинарға қатысушыларды таныстырып өтті:
- «Сирек кездесетін металдар ресурсы және сирек кездесетін жер ресурстарының тапшылығы»;
- «Алтын және базалық металдар ресурстарының тапшылығы»,
- «Кен және пайдалы қазбаларды өндіру бойынша қоршаған ортаға тигізетін әсері».
Осындай, тығыз ынтымақтастық жаңа жобаларды құру және қолданыстағы жобаларға жеке қатысушыларды шақыру арқылы ұзақ мерзімді тәлімгерлікке арналған мүмкіндіктерді алу жолымен жұмыс үдерісін жақсартады.