Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің қабырғасында 9-10 қазанда Technovation Challenge байқауына қатысу бойынша оқыту семинары өтеді.

Technovation Challenge - қыздарға арналған технологиялық және кәсіпкерлік халықаралық бағдарлама, негізгі міндеті қыздардың ақпараттық технологиялар мен кәсіпкерлік саласында қызығушылығын арттыру болып табылады. Бағдарлама аясында Technovation Challenge тәлімгерлерінің жетекшілігімен  оқушылар білім беру, денсаулық, бейбітшілік, кедейшілікпен күрес, әлеуметтік әділдік және қоршаған орта сияқты салаларда әлеуметтік маңыздылығы бар мобильді қосымшаны әзірлейді. Мобильді қосымшаның  прототипі және бизнес-жоспар түріндегі жұмыстардың нәтижелері Қазақстанның  аймақтық байқауына  ұсынылады, финалистер  АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында өтетін байқау  финалына шығу құқығына ие болу үшін сайысқа түсе алады (шақырушы тараптың есебінен). Қосымшаны жүзеге асыру үшін жүлде қоры 10 000  АҚШ долларын құрайды.

Семинарды ақпараттық технологиялар және энергетика мектебі ұйымдастырды.

Семинарды үйлестірушісі  Дарья Львовна Алонцева, профессор,  ф.-м.ғ.к

Семинарға тіркеу нысаны