Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Ядролық технологиялар: ядролық энергетиканың әлемдік энергетикалық теңгерімдегі рөлі, ядролық технологияларды энергетикалық емес мақсатта пайдалану» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шара Ресей мен Қазақстанның ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылды. Семинар ұйымдастырушылары – Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті.

 Обнинск қ. «МИФИ» (Мәскеу инженерлік-физикалық институты) Ұлттық ядролық зерттеу университетінің доценті  Ольга Момот «Атом энергетикасы – әлемдік энергетиканың көміртексіз теңгерімінің негізі. Ядролық технологияларды энергетикалық емес мақсатта пайдалану» тақырыбында баяндама жасады.

 Атомдық энергетиканың маңызды рөл атқаратындығы, сонымен қатар, атомдық (радиациялық) технологияларды қолдану мүмкіндіктері әлдеқайда кең екендігі айтып өтілді. Мысалға, адамдар көбінесе тропикалық жемістер, автомобиль шиналары, ұялы телефондардағы чиптер, бағалы тастар және тағы да басқа өнімдердің радиациялық технологияларының көмегімен өңделетінін біле бермейді.

Семинар спикерлері сондай-ақ ядролық медицина жетістіктерін пайдалана отырып онкологиялық ауруларды қалай жеңуге болатындығы, ядролық технологиялардың агрария саласында өнімділікті арттыру үшін қолданылатындығы, қаптаманың ішіндегі материалдарды стерилизациялау жолдары және т.б жайында ой бөлісті.

Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ баспасөз қызметі