«Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түскен 1 курс студенттерін жаңа ортаға бейімдеу мақсатында, № 3-ші жатақхананың акт залында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры А.К.Есимбекова және Шығыс Қазақстан облысы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының» бас маманы Д.М.Иксанова offline форматында кездесу өткізді.

Кездесу барысында қызметкерлер студенттерге арналған әлеуметтік бағдарламалар туралы айтып берді.