Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенттері үшін кәсіби бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шара аясында болашақ талапкерлер университеттің заманауи ғылыми және білім беру орталықтарымен танысып, озық технологиялар мен кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы бағдар алды.

Студенттерге ЖОО-ның ғылыми-зерттеу және технологиялық қызметінің жетекші бағыттары ұсынылды:

  • Құрылыс саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығы;
  • Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығы;
  • Құрылыстағы BIM-жобалау ғылыми-өндірістік орталығы;
  • "Smart Engineering" құзыреттілік орталығы;
  • Виртуалды және кеңейтілген шындық зертханасы;
  • Ғылыми орталық «Қорғаныс және функционалды жабындар».

Экскурсия студенттерге инженерлік және техникалық ғылымдар саласындағы жаңа әзірлемелермен жақынырақ танысуға, одан әрі оқыту және кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы білуге мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралардың арқасында жас мамандар болашақ мамандықты таңдау туралы алдын-ала шешім қабылдауға және жоғары технологиялық салалардағы жұмыс перспективаларын бағалауға мүмкіндік алады.