Гуманитарлық білім беру факультетінің қазақ және орыс тілдері кафедрасында Наурыз мерекесі қарсаңында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен «Дүниежүзілік поззия күніне» байланысты студенттер мен оқытушылар арасында «Наурыз нақыштары» тақырыбында поэзия байқауы өтті.
Наурыз мерекесі мен «Дүниежүзілік поэзия күні» қатар келіп, «Абай» клубы мүшелері күлімдеген шуақты көктемді, достық пен махабатты, наурызды, туған жерді арқау қылған өлең жолдарын оқыды.
Аяужан Орал, Күміс Хажайып, Дарын Шағыманов, Мерлат Кеңесхан сияқты жас ақындар, жүректен шыққан төл туындыларын оқыды. Мерлат Кеңесхан «Жыр жауhары» аталымымен марапатталды.
Поэзиялық шығармаларды оқуда «Көркемсөз шебері» аталымын дайындық факультетінің студенті Ерген Иманқабыл марапатталды. Ергеннің әні де кеш қонақтарын риза қылды. 3-МФ-1 тобының студенттері - Лашын Жардембек, Нұрбота Қабылхан, Айтаңсық Мергентай, Ермек Қизатбек белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Өнербек Абдиманов өнерлі, сегіз қырлы, бір сырлы екендігін көрсетіп, алғыс хатқа ие болды. Сыршыл лирика мен қазақ халқының рухани құндылығын жаңғырту жолындағы бата беру, жарапазан айтуда да жастар өнерлерін көрсетті.
«Мағыналы бата» аталымымен 18-ГТК-4 тобының студенті Самат Қаразым марапатталды. «Шебер жарапазаншы» аталымымен 18-ГТК-4 студенттері - Ералы Матай, Бейбіт Мүсілім, Мұсабек Нұртас марапатталды.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған ұлттың рухани құндылығы - фольклоры мен музыкасына қызығушылық пен құрмет көрсете алатын жастардың жетіліп келе жатқаны көңілді қуантты.
«Абай» клубының жетекшісі Ш. Қуаныш