Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да 17-18 шілде күндері университеттің ішкі қауіпсіздік қызметінің мамандарымен скулшутинг тақырыбында кездесу өтті. Шараны университеттің педагог - психологі Нұргүл Жарасбаева жүргізді. Барлығы 34 қызметкер қатысты. 

Бұл жұмыстың негізгі міндеті - ішкі қауіпсіздік қызметінің мамандарын қауіпсіздік күзетіндегі профайлинг әдісімен таныстыру. Кездесу барысында қатысушыларға киім астында қаруы бар, қоғамға қауіпті адамды қалай анықтауға болады және басқа да адам психологиясына қатысты мәселелер айтылды.