Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Еркін сөз» дебат клубының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "Абайды тану саналы ұрпақ міндеті" атты дебат турнирі өтті. Сөз додасына қаланың үш жоғарғы оқу орны, екі колледж қатысып, 50-ге жуық студент пікір сайыстырды.
Айта кету керек, дебат ойындары бұл жолы британдық және американдық форматта өтті. Ол жастардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін құрал-тәсілдің бірі. Дебат марафонының тақырыбы аясында қызыл тілді білімгерлер ұлы ойшыл Абайдың қоғамдық-саяси мұрасының күні бүгінге дейін өзекті екендігін тарқата білді. Дебат жүлдегерлері келесілер:
- 1 орын: " Өзім білем" Ғинаятова Зарина, Алтайбекқызы Айдана.
- 2 орын: "ИС" Еміл Али, Муратқанова Аружан.
- 3 орын: "Ақырын жүріп анық бас" Сарсенбаев Жігер, Сейтқазықызы Аяужан.
«Еркін сөз» дебат клубы