Шығысқазақстандық мектеп түлектері алты күн бойы өз білімдерін тексерді. Бүгін ШҚМТУ-да тест тапсыруға өтінім берген соңғы 138 бала емтихан  тапсырды.Аудиторияларға кірмес бұрын тест тапсырушылар бес сатылы дезинфекциядан өтті.

Ата-аналар ҰБТ өту барысын үйде отырып, онлайн көрді. Бұл үшін әрбір аудиториядан трансляция қамтамасыз етілді.Ұлттық біріңғай тестілеу өту кезіңінде ереже бұзған 8 мектеп түлегі  тыйым салынған заттар, атап айтсақ, телефон, «шпаргалка» қолданғаны үшін аудиториялардан шығарылған болатын.