28 мамыр күні 17.00-де Жазғы президенттік көпсайыстың ашылу салатанаты стадионда өтті. Республикалық спорт және дене шынықтырудың бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, а.ж. сәуір-маусым аралығында спорттың 31 түрінен «Жастар жылына» арналған жоғары оқу орындары студенттерінің Х-шы жазғы Универсиадасының өтуі жоспарланған. Осыған орай универсиада бағдарламасы бойынша 27-31 мамыр аралығында Өскемен қаласында жазғы президенттік көпсайыстан жарыстар өтуде. Жарысты ШҚМТУ-дың дене шынықтыру кафедрасы өткізуде. Жазғы президенттік көпсайыстан Х-шы универсиадаға ЖОО-ның 15 командасы, 70 студенттер қатысып жатыр. Жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстанның мықты президенттік көпсайыс командасы белгілі болады. Ашылу салтанатына қатысқан қонақтар мен спорт ардагерлері:
- Білім және ғылым министрлігі ұлттық ғылыми практикалық дене шынықтыру орталығының бас маманы Аман Музапаров.
- Жеңіл атлетикадан спорт шебері және спорт ардагері, совет одағының студенттер арасындағы бірнеше дүркін жеңімпазы Рақымғазы Көшербаев.
- Жеңіл атлетикадан спорт шеберіне үміткер және спорт ардагері техникалық жоғары оқу орындары арасындағы совет одағының студенттер арасындағы жеңімпазы Жалел Қадыров.
- Спорт ардагері, президенттік көпсайыстың екі дүркін Әлем чемпионы Ирина Троеглазова.
- Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі, Шығыс Қазақстан облысы волейболдан студенттік және мектеп лига федерациясының президенті Болатбек Даумов.
Х-шы жазғы универсиадаға қатысып жатқан Қазақстан Республикасының ЖОО командалары:
- Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
- Мухаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
- Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті
- Манаш Қабашұлы Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
- Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы мемлекеттік университеті
- Қазақстан-Американдық еркін университеті
- Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
Барлық жарысқа қатысушыларға жеңіс тілейміз.
Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі,
Даумов Б.А.