15-сәуірде Гуманитарлық білім беру факультетінде қазақ және орыс тілдері кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2 жылдығы аясында «Сүйемін сені туған ел - Атамекен» атты поэзия сағатын өткізді.

Орыс топтарында оқитын студенттерге М. Мақатаевтың, М. Шахановтың Ф. Оңғарсынованың, Қ. Аманжоловтың отан, туған жер, тіл тақырыптарында поэзиялық шығармалары оқылды. Шара барысында патриоттық рухтағы әндер айтылды. Э. Генцельман, Д. Жумагазиев, Р. Жусупов, Г. Остопаненко, Е. Маслова поэзиялық шығармалар оқыды.

Қазақ және орыс тілі кафедрасы