Шығыс Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру – мәңгілік елдің болашағы» фестивалі аталып өтті. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова құттықтау сөзін айтып, Фестивальді салтанатты түрде ашты.

Фестиваль аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын іске асырудың үздік тәжірибесі» атты көрме ұйымдастырылды.

Бұл күн университетіміз үшін де жағымды жаңалықтарға толы болды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асырудың үздік тәжірибесі байқауында «Жылдың үздік жобасы» номинациясы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың  «Үлкен Алтай музейіне» бұйырды. Жобаның жетекшісі Анар Смағұлованы ШҚО-ның ішкі саясат басқармасы басшысы Ирина Смит марапаттады.

«Рухани жаңғыру» кафедрасы