ШҚМТУ-дың Жоғарғы IT колледжінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Жанар Сабиева Абайдың 175 жыл мерейтойына байланысты “Абай хакім” атты сайысты I-курс студенттерінің арасында өткізді.

Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұрасын насихаттап, өлендерін, әндерін мәнерлеп айтқызу, көркем сөйлеуге баулып рухани тұрғыдан даму мақсатында өткізілді.

Сайыста I орынға ие болған 19-СТ-1к тобының студенттері Санбаева Н., Сләмбекова Д., Каримжанова М., Жомарт А.

II орынға 19-ВТ-1р тобынан Қуанышев Н, Суебаев Н, Канавалов С. ие болса.

III орынға Жетекбаева А., Низамиева А., Субыханов И., Люляков И. ие болды.