18 мамырда Жастар ресурстық орталығы «Жастар жылы» аясында жұмысшы мамандықтарды насихаттау, еңбекші жастардың шығармашылық белсенділігін дамыту, кәсіпорындағы жастар ісі жөніндегі комитеттердің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру мақсатында «Қайратты жастар-2019» атты өткізген байқауына ШҚМТУ-дың «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын түлектері Мансап орталығының басқарушысы Карим Сайполла бастауымен қатысты. Байқауға Шығыс өңірінің ірі кәсіпорындары да қатысты. «Серпін» түлектеріне «Казцинк» ЖШС - 25, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ - 25, «Казминералс» - 15, «ӨТМК» АҚ - 25, «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» КҚ - 25 және 10 орын жастар тәжірибесіне, «Қазақстан темір жолы» АҚ - 25, «ШҚ АЭК» АҚ - 50 жұмыс орнындарын ұсынды.

Мансап орталығы