4 желтоқсанда «Бизнес және кәсіпкерлік» мектебінің маркетинг мамандығы бағытында оқитын 3 курс студенттері «100 жаңа кітап» жобасы аясында университеттің кітапхана қорына келіп түскен қазақ тіліндегі 5 кітапқа, яғни Рикки Гриффиннің «Менеджмент», Филипп Котлердің Маркетинг негіздері, Оқыту теориясы және Интернет психологиясы ктіптарына дискуссиялық талдау бойынша зерттеу жұмыстарын қорғады. Қорғау барысында кітаптарға арнайы презентация жасалып, әр бөлімдеріне талдау жасалынды. Студенттер тарапынан қызығушылықтар туындап, әр бағыттағы мәселелер қарастырылды.
Менеджмент оқулығына тоқталатын болсақ, оқулық менеджмент саласында қалыптасқан дәстүрлі түсініктермен қатар, жаңа ұғымдар мен тұжырымдарды да қамтиды. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының «Экономика», «Менеджмент», «Маркетинг» және басқа да мамандықтарда оқитын студенттерге, оқытушыларға, кәсіп бастаушы бизнесмендерге, кәсіпорын басшыларына, менеджмент жөніндегі білімін арттырғысы келетін кез келген оқырманға арналған және қазақ тіліндегі МВА курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.
Интернет психологиясы басылымы классикалық және заманауи зерттеулерге сүйене отырып, интернет технологиясындағы жаңа үрдістерді – онлайн-танысу, онлайн-агрессия, топтық динамика, бала тәрбиесі, проәлеуметтік мінез-құлық, онлайн ойындар, құпиялық және бақылау, желіге тәуелділік пен желіні қалыптастырудың стратегияларын зерттейді.
Жалпы қазақ тіліне аударылған жаңа оқулықтар-бұл білімнің нағыз энциклопедиясы. Қазіргі таңда ЖОО үшін білім беру әдістемесі ғана емес, оның мазмұны да маңызды болып отыр. Сол себепті мұндай кіткптар таптырмас ғылыми мұра деп білеміз.
«Рухани жаңғыру» кафедрасы