Бүгінгі күннің талабы, сан жылдар сынағынан өткен салт-дәстүрді бойына сіңірген, еліне адал қызмет ететін, сонымен бірге білім беру үдерісіндегі заманауи технологияларды игерген, бәсекеге қабілетті жан-жақты жас маман даярлау. Елбасымыз 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты¬рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім¬мен бет алуын қалаймын» деген еді.
Осыған орай, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар мектебі «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығының 1 курс студентінің қыздары Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткізген «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» атты іс-шарада еліне абройлы қызмет атқарған, шаңырақтың шуағы, бүгінгі күннің рухани бұлағы, немере-шөбере тәрбиелеп отырған «Асыл әжелермен» жүздесті.
Әжелеріміз қазақ халқы қыз баланың қадір-қасиеті мен қылығы ұлттың ұлылығын таныту деген түсінікті өз өмірлерінде кездескен тағдырдың түрлі мысалдарын алға тарта отырып, ежелден халқымыздың қыз¬дың тәр¬биесіне ерекше мән беріп, сол тәрбиені қалыптас-ты¬ру¬дың жолына барлық игі жақсылық¬ты жасап, барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқандығын әдемі сырласа отырып жеткізді. Сырласу барысында «Асыл әжелеріміз» қолөнер түрлерінен шеберлік сағаттарын көрсетіп, әсем әндер де шырқап «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығының 1 курс студентінің қыздарына рухани сарқылмас тәрбие мен өмірлік азық берді. Кітапхана қызметкерлері қыз тәрбиесіне қажетті «Әже өнегесі, ата ақылы» атты кітап көрмесімен таныстырды.
Осыдан он ғасыр бұрын ғұмыр кешкен қасиетті бабамыз, аруақты ақынымыз Жүсіп Баласағұн: «Рухани жағынан жаңару мен тазарудың екі жолы бар: «бірі - діни тәрбие де, екіншісі - ұлттық тәрбие» - деп жазған еді. Сондықтан XXI ғасырдың білімдар да, сауатты, елгезек жастарды ұлттық тәрбие тағылымдарымен сусындатып тәрбиелеу хақ.
«Математикалық және компьютерлік модельдеу»
мамандығының кураторы Н.Оспанова