Бүгін  ШҚМТУ студенттері «Простор» жазғы экспедициялық кампусқа аттанды.

Орман ресурстары және орман шаруашылығы, геодезия және картография, кадастр және жерге орналастыру, су ресурстары және суды пайдалану сынды мамандықтарда оқып жүрген  50-ден астам бірінші және екінші курс студенттері алған білімдерін іс-тәжірибеде қолданатын болады. 

Екі апта ішінде іс-тәжірибеден өтіп қана қоймай,  ШҚО-ның тұмса табиғаты аясында, атап айтсақ, Бұқтырма су қоймасы жағажайында демалуға мүмкіндік алады.

Карантинге байланысты, студенттер жайғасатын бөлмелерде санитарлық-эпедимиялогиялық талаптар сақталған.