Университетіміздегі «Veritas» озық даму орталығының жұмысы жалғасуда. Бұл орталық ШҚМТУ-дың мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасын орындау үшін құрылған болатын. Шығыс Қазақстан облысының жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарында өндіріс үшін жаңа өнім түрлерін әзірлеуге бағытталған.
Ғылыми зерттеулер ішінде биоматериалдар және биотехнологиялар бағытын ерекше атап өтуге болады. Студенттер, магистранттар жаңа техниканы меңгеріп, өз жобаларын іске асырып жатыр. Бағдарламалау, ақпараттық жүйелер мамандағында оқып жүрген Наиль Бейсекенов, Бауыржан Сырым, Дмитрий Догадкин, Сергей Руденко, Жақсылық Мұхамедкалиев есімді жігіттер 3D принтері арқылы бионикалық қол жасамақшы. Күні кеше зертханаға мүмкіндігі шектеулі Өскемен қаласының тұрғыны келді. Протез жасау үшін алдымен оның сау қолын сканерден өткізу қажет болды.
Бұл жоба аясында тұжырымдама, бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленіп, биомодель және бионикалық қолдың жалпы көрінісі дайын болды. Бүгінгі күні 3D принтерде біз саусақтардың бөлшектерін (фаланги) басып шығара аламыз. Бір бөлшек 20 минутта дайын болады. Қол бұлшық ет рецепторларына қосылады
Алайда, әртүрлі пластикпен жұмыс істей алатын заманауи, жоғары дәлдікті арнайы принтер қажет. Жабдықтарды сатып алған соң, толықтай бионикалық қолды шығаруға кірісеміз. Бұл орайда мүмкіндігі шектеулі өскемендік тұрғынның консультациясы біз үшін маңызды болды. Жас ғалымдарға сәттілік!