Бүгін - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Осыған орай «ANTIKOR ORTALYGY» қызмет көрсету орталығында салтанатты жиын өтті. Д. Серикбаев атындағы ШҚТУ бірінші проректоры Сәуле Рахметуллина университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жіпке тізіп, есеп берді.
Бүгінгі таңда университет қабырғасында құжат айналымы электронды форматта жүргізіліп, студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Жатақханаға орналасу, өзге де қажеттіліктер электронды түрде жүзеге асады. Жұмысқа орналасу тек қана конкурс арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы ISO 37001 жүйесін енгізу жұмыстары басталып кетті.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған жиын барысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен парасаттылық құндылықтарды ілгерілеуге қосқан үлесі үшін ШҚТУ бірінші проректоры Сәуле Рахметуллина грамотамен марапатталды. Жастар арасында ұйымдастырылған онлайн-конференциясында адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын насихаттауға үлес қосқаны үшін ЖОО студенті Шархан Мамырбековке алғыс хат табысталды.
Бұған қоса, Д.Серикбаев атындағы ШҚТУ департамент ұйымдастырған бейнероликтер байқауында екінші орынды жеңіп, бағалы сыйлыққа ие болды.