Маусым айының басында қытайлық «Жэньминь жибао» газеті Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысу мақсатында Шығыс өңіріне келді. 

«Жэньминь жибао» газеті әлемдегі жетекші газеттердің бірі және Қытайдағы ең ықпалды газет. Әлемнің 70-тен астам елінде тілші ұстайтын бұл газет 3 миллионға жуық тиражбен тарайды. 

Шет елдік БАҚ өкілдері біздің университетте орналасқан «Лу Бань шеберханасындағы» «Автомобильдердің инновациялық конструкциясы» және «Автомобильдердің SMART технологиясы» зертханаларының жұмысымен толығырақ танысып қайтты. 

Бұл шеберхананың ерекшелігі - студенттер практикалық дағдыларды меңгеріп, автомобиль жүйелеріне симуляциялық сынақ жүргізе алады, сондай-ақ орталықта электромобильдер мен гибридті көліктерге техникалық қызмет көрсету және диагностика жасау үшін жаңа технологияларды игеру ісіне айрықша мән берілетіні.