Қараша айынан бастап ШҚТУ-да "Айдың үздік қызметкері" байқауы жүргізілуде. Байқауға қатысушылар университеттің дамуына үлес қосатын инновациялық бастамаларды ұсынып, өздерінің функционалдық міндеттерін жауаптылықпен және кәсіби шеберлікпен орындап, әлеуметтік желілерде университеттегі жұмыстары жайлы мақалалар жазып жариялауда.
Желтоқсан айында комиссия шешімімен «Айдың үздік қызметкері» байқауын өткізу тәртібі туралы ереженің критерийлеріне сәйкес «Руханият және» тәрбие-оқыту орталығының аға ғылыми қызметкері Еркінбекова Эльвира Еркінбекқызы жеңіп алды.
Эльвира Еркінбекқызының қазіргі ұйымдастырушылық және педагогикалық қызметінің айтарлықтай тәжірибесі білім саласындағы жемқорлық, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының университетте іске асыру жұмыстарын жетілдіруге елеулі үлес қосуға мүмкіндік беруде. Бүгінгі таңда «Парасаттылық студиясы», «Үздік ролик», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша үздік идея» т.б жобалардың авторы.
Қаңтар айының жеңімпаздары болып Кітапхананың жоғары санатты қызметкері Мансия Бакишева және Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және азаматтық даму басқармасының бас маманы Динара Ибраева атанды.
Мансия Бакишева кітапхана жұмысын жақсарту мақсатында каталогизатордың жұмысын жеңілдету, онлайн-қызметтерді кеңейту жобасын ұсынды. Ал, Динара Ибраева университет жатақханасына электрондық қоныстандыру жүйесін жетілдіру ұсынысын жасады.
Жеңімпаздар ұсынған жобаларын ары қарай жүзеге асыратынына сенеміз. Сыйақы ретінде үстем ақы төленеді.