1 қарашадан бастап ШҚТУ-да "Айдың үздік қызметкері" байқауы жүргізілді. Байқауға қатысушылар өздерінің функционалдық міндеттерін жауаптылықпен және кәсіби шеберлікпен орындап, әлеуметтік желілерде университет абыройын арттыру қажет болды. Сонымен қатар, ЖОО -ның дамуына үлес қосатын инновациялық бастамаларды көтеру керек еді!

"Айдың үздік қызметкері" байқауына қатысуға университеттің 6 қызметкері ниет білдіріп, атқарылған жұмысты дәлелдейтін материалдарды комиссияның қарауына жіберді. Нәтижесінде ШҚТУ-дың әлеуметтік және азаматтық даму басқармасының қызметкері Василий Хван және концелярия басшысы Гүлжанат Шарипханова үздік деп танылды. ШҚТУ-дың әлеуметтік және азаматтық даму басқармасының қызметкері Василий Хван студенттік бастамалар қорын құруды ұсынса, концелярия басшысы Гүлжанат Шарипханова электрондық құжат айналымы жүйесін жетілдіру, ЭЦҚ тәсілімен шарттарды электрондық келісу және қол қою форматына көшу мүмкіндігін қарауды алға тартты. Айтуынша, бұл адами ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалауды арттырады, шарттардың мерзімін өткізіп алу, жоғалу тәуекелдерін төмендетеді.

Жеңімпаздар ұсынған жобаларын ары қарай жүзеге асыратын болады. Сыйақы ретінде үстем ақы төленеді.