Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да 5-12 сәуір аралығында Ғылым күніне орай ғылым апталығы жарияланған болатын.

Бүгін аталған мерекеге орай өткізілген іс-шаралардың қорытындысы жасалып, университеттің Ғылыми жұмыстар және цифрландыру жөніндегі проректоры Наталья Федоровна қызметкерлерге алғыс хаттар табыстады. Сондай-ақ, ғылыми қызметкерлермен қатар, жақында өткен «Ақылды Awards» байқауының жеңімпаздары да конкурстар мен олимпиадаларға белсенді қатысқаны үшін «Үздік оқушы 2021» номинациясымен марапатталды.

ШҚТУ-дың ғылым саласындағы жетістіктерін шолып өтетін болсақ. Бүгінде университетте инновациялық ғылыми-өндірістік инфрақұрылым қалыптасқан. Металлургия және прототиптеу саласындағы орталық және түрлі бағыттардағы 15 құзыреттілік және техгология трансфері орталығы құрылды. Сонымен қатар, 43 ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік бөлімшелер жұмыс істейді. Аймақтың экономикасын дамыту жолында, университет оқытушыларлының 30%, оның ішінде шетелдік ғалымдар (10%) ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Соңғы 5 жылда индекстелетін журналдардағы жарияланымдар саны 2,5 есе өсті.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мықты серіктестермен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Олардың қатарында, Массачусетс технологиялық институты да бар. Бұл ЖОО робототехника және жасанды интеллект саласындағы көшбасшы. 2015 жылдан бастап Colorado School of Mines ШҚТУ-дың серіктесі болды. Бұл университет тау-кен ісі бойынша QS WUR әлемдік рейтингісінде бірінші орында. Біздің бұрыннан келе жатқан серіктестеріміздің қатарында "МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университеті, "Мәскеу энергетикалық институты" Ұлттық зерттеу университеті, Қазан мемлекеттік энергетикалық университеті, Новосібір мемлекеттік техникалық университеті, Санкт-Петербург технологиялық университеті және басқа да көптеген жоғары оқу орындары бар.

Ал өткен жылдың 25 қарашасында ШҚТУ "Ғылым көшбасшысы" Web of Science Award 2020 атағына ие болды.