Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында IQ PARASAT куиз топтық зияткерлік ойыны өтті.

Ойынға университетіміздің ең ақылды, ең көңілді студенттерінен құралған Балдырған, CLEVER, ООН, Шамшырақ, НАТО, Қуаныш и ребята, БЕКА, Ойшылдар командалары жиналды.

Топтық интеллектуалдық ойын 7 кезеңнен тұрды. Куиз тақырыбы-жемқорлық, адалдық, логика мен эрудиция сұрақтары және топтық ми жарыс.

Зияткерлік куизда форматтан тыс студенттер өз өнерлерін көрсетіп, әдеби өлең - жыр тыңдап уақыттарын әрі көңілді әрі пайдалы өткізді.

Куиздің нәтижелері:

  • 1 орын- НАТО
  • 2 орын - ООН
  • 3 орын- Балдырған

Қатысушы командаларға әдемі ойын үшін алғыс айтамыз.

IQ PARASAT куиз зияткерлік ойыны студенттер арасында қолдау тауып, ай сайын өткізуді жоспарлады. Келесі ойын мамыр айында өтеді. Жаңа командаларды IQ PARASAT куизінде күтеміз.

Достарыңызды, тобыңыздағы студенттерді алып, куизға қатысып, тамаша ұтыстарға ие болыңыз.

Барша ойыншыларға келесі куиздерде сәттілік тілейміз.