Сәуір-маусым айлары жалпы сенбілік айлығы деп бекітілген. Осыған орай Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да бұл іске өз үлесін қосуда. Университеттің барлық ғимаратында сенбілік жұмыстары жүргізіліп, аула тазартылып, қоқыстар жиналды.

Сенбілікке қатысушылар қажетті мөлшерде құрал-жабдықтармен, қоқысты жинауға арналған қапшықтар және қолғаптармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар,көріктендіру және жасыл желектерді отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік айлығына университет ұжымы, бір кісідей жұмылып атсалысты. Шара соңында университет оқытушылары мен қызметкерлері естелік суретке түсіп, жақсы ниетпен тарқасты.

Осындай ұжымдық шаралардың адамдарға үлкен әсер беріп, олардың бір-біріне деген сенімдерін ұштай түсері де анық.