Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ–да Наурыз мейрамына орай 19 наурыз - шымырлық пен шеберлік күні шахмат пен тоғызқұмалақтан ашық турнир ұйымдастырылды. Сайыс университеттің спорт залында өтті. Жарысқа мектеп құрама командалары мен ШҚТУ қызметкерлері қатысты.

Аталған турнирге әр мектептен 2 қыз бен 2 жігіт шақырылды. Яғни бір мектептен шахматқа 2 қатысушы, тоғызқұмалаққа 2 спортшы жіберіледі.

Жарыстың нәтижесі бойынша тоғызқұмалақ ойынында:

Қыздардан:

  • 1 орын – Шырын Айдынқызы (20-ЗКК-2)
  • 2 орын – Жайнар Жумағалиева (20-ГТК-1)
  • 3 орын – Жансая Оқанова (20-ГТК-1)

Жігіттерден:

  • 1 орын – Арнұр Шаяхметов (20-ЭЛК-2)
  • 2 орын – Мәди Нұржанұлы (20-ВРК-1)
  • 3 орын– Айсултан Қабдылсамет (20-ПС-1)

Ал шахмат ойындарында қыздар арасында: бірінші орынды Ботагоз Сайнулдинова (20-МК-1тобы) иеленсе, екінші орынды Виктория Кайгородова (20-ВТ-1) қанжығасына байлады.

Жігіттер арасында жүлделі 1 орынды Диас Нагибаев (20-ТЛК-1) жеңіп алды. Сондай-ақ, екінші орын Саян Кенбаевқа (20-ТМ-1) бұйырған болса, үшінші орынға Темирлан Мурзабеков (20-ГРК-1) пен Давид Лискунович (20-ВТ-1) жайғасты.

Барлық жүлделі орын иелері тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталады.

Айта кетейік, турнир барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өткізілді.