Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың әскери кафедра қызметкерлері мен студенттері онлайн дөңгелек үстел өткізді. Іс –шара 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылды.
Әскери кафедра оқытушылары сұрапыл соғыс жылдарына қатысты фактілер жайында баяндама жасады. Соғыс ардагерлерінің ерліктерін тағы бір рет еске алды. Ал студенттер өздерінің ардагер ата-әжелері жайында айтып, олардың бастан кешірген оқиғалары туралы көпшілікпен бөлісті.
Ұлы отан соғысы 1945 жылы 8 мамырда Берлин түбіндегі Карлсхорстта Кеңес Одағы, Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция алдында фашистік Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойымен аяқталды. 9 мамыр жеңіс күні ретін тойланды.
Биыл Ұлы Жеңіске 76 жыл!