Күні кеше айтулы мереке Тұңғыш Президент күні атап өтілді. Нұрсұлтан Назарбаев әр қазақстандық үшін Тұғыры биік тұлға. Ол еліміздің іргетасын қалап, тәуелсіздікке жеткізді. Осы күнге арнап Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ті облыстық Достық Үйімен білесіп «Елбасы: бір халық, бір ел, бір тағдыр» атты онлайн концерт өткізді. Неге Достық Үйі? Себебі биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толып отыр. Сондықтан ШҚТУ Достық Үйімен ынтымақтаса отырып - Қоғамдық келісім орталығы бұл концертті ұйымның идеялық құрушысы - Елбасыға сый ретінде тарту етті!
Концертте этономәдени бірлестіктер, мәдени орталықтар мен университеттің шығармашылық топтары өнер көрсетті. Әуезді ән айтылып, мың бұралған бишілер би биледі, түрлі аспаптарда шығармалар орындалды. Онлайн концерт униветситтетің ютуб каналында көрсетілді.
90-жылдардың басында Қазақстанда 130-дан астам этнос өмір сүрді. Сол себепті ұлттық саясат салмақты көзқарасты талап етті. 1992 жылы Тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын ұсынды. Үш жылдан соң бұл идея іске асырылды. Осылайша, бейбітшілік, тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін бірегей институт пайда болды. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы-тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің кепілі. Бұл еліміздің ұзақ жылдарға табысты дамуының берік негізі болып табылады.