Туған жердің, ұлттың тарихы қашанда маңызды екені сөзсіз. Әр халықтың, әр мемлекеттің тарихы биік тұратын қоғамда ел азаматтарының рухы жоғары болады. Сондықтан біздің еліміз де осы ұстанымды алға тарта отырып, көптеген ауқымды шаралар мен бағдарламаларды жүзеге асырып жатыр. Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-і де мұндай шараларды басты міндеттердің бірі ретінде қабылдап, жүзеге асырып келеді.

«Тарихқа тағзым» күніне орай 17- наурызда университеттің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасында «Алтын бесік - Мұзтау» және «Зерде» клуб мүшелерінің, университеттің 1-2 курс студенттерінің қатысуымен «Туған жердің мәдени бейнесі» атты тарихи, мәдени-өлкетанулық кездесу өтті. Шара клуб жетекшілерінің, кафедра оқытушыларының және Шығыс Қазақстан Этнографиялық мұражайының ұйымдастырылуымен өтті. Мұражай қызметкері Рахатова Ж.Т. туған жер тарихының, қазақ халқының мәдени ескерткіштері, рухани құндылықтары болып табылатын тарихымыздың мәдени бейнесін дәріптеп, мұражайда сақталған экспонаттармен таныстырды. Шара барысында студенттер еліміздің, ұлтымыздың тарихына, мәдениетіне байланысты құнды мағлұматтар алып, тақырып аясындағы білімдерін кеңейтуге зор мүмкіндік алды.