Жаңа оқу жылында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ -да республикалық "Адалдық сағаты» жобасы аясында кездесу өтті. Кездесуде агенттіктің қызметі, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік», Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеудің оң жағдайлары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа орналасу мәселелері жайлы студенттерге ақпарат берілді.

Кездесуді Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ- Басқарма төрағасы- ректор Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы ашып, "Барлықтарыңызға белгілі, жемқорлықсыз әділетті университет құру - біздің де түпкі мақсатымыз. Бүгінгідей өзара сенімге негізделген шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ортақ қозғалыстың негізі болып табылады" деп жемқорлықсыз университет құру мақсатында атқарылған іс-шаралар мен жобаларға кеңінен тоқталып, студенттерге жемқорлық кездескен жағдайда тікелей ректорға хабарласуға болатынын да атап өтті.

Кездесу қонағы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Башев Талғат Мамырбекұлы жиналған жастарға жемқорлықтың салдарын түсіндіріп, өз іс-тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып,студенттердің сауалдарына жауап берді. Арнайы әлеуметтік ролик көрсетілді. Сонымен қатар, кездесу барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің аға офицері Бекбаева Гульнур Айткумаровна Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы зерттеулер мен рейтингтер туралы толық мәлімет берді.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлықпен күресуді мақсат еткен "Саналы ұрпақ"клубының" еріктілері 1 курс студенттерін ерікті болуға шақырды.

Шырын: Біз, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ еріктілері жемқорлықпен күресудің әртүрлі жолдарын қарасатырып келеміз. Құрметті студенттер, сендерді біздің «Саналы ұрпақ» еріктілер тобына шақырамыз. Сіздер мен біздер жемқорлықты азайтуға ат салысып, жемқорлықсыз мемлекетте тұруға тиіспіз.

Перизат: Белсенді азаматтық ұстанымы бар адам ретінде бұл жобаны назардан тыс қалдырмай, қатысуға бел будым. Мен бауырларымының, туыстарымның, достарымның керемет жағдай жасалған мемлекетте өмір сүргенін қалаймын. Оны жасайтын біздер! Бірігейік, құрметті менің құрдастарым, достарым!