Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың жоғарғы IT – колледжі директорының орынбасары Шахрам Солтанбекова студенттерге арнап учаскелік инспекторлардың қатысуымен онлайн кездесу өткізді. Іс – шара жасы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері, қылмыстық жауапкершіліктің мерзімі жөнінде ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылды.
Студенттерді әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің баптарымен таныстырып, олардың сұрақтарына толыққанды жауапты Үлбі ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторы аға лейтенант Дастан Қайырғазин мен аға лейтенант Дарын Ахметов және университетте орналасқан аумақтың учаскелік инспекторы Ернар Испаев берді.
Мәселен, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440 - бабы бойынша алкогольдік ішімдік ішу және қоғамдық орындарға масаң күйде келсе оған 5 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл төлейді. Яғни 1 рет ұсталса 5 АӘК - 13 890 теңге. Жекелеген қоғамдық орындарда, білім беру мекемелері мен аялдамаларда темекі тартса,оған ӘҚБ кодексінің 441 – бабы бойынша 5 АЕК айыппұл салынады.
Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты студент көшеде, қоғамдық орындарда маскасыз жүретін болса оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынатын болады.