Өскемен қаласы әкімдігі волонтерлар арасында байқау өткізді. Университет атынан волонтерлар арасындағы жүлдеге біздің студенттеріміз өз жұмыстарын ұсынды. Нәтижесінде, ШҚТУ жастары «Үздік волонтерлік бейнеролик» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, университеттің 4 курс студенті Естай Қанағатов «Үздік волонтер» атағына ие болды. Бұл конкурс "Еріктілер жылы" аясында ұйымдастырылды.
Пандемия уақытында университет еріктілері аз қамтылған отбасылар мен қарттарға көмек көрсетті. Атап айтсақ, бірінші кезектегі қажетті азық-түлік пе керек-жарақты жеткізумен айналысты. Сонымен қатар, ауыр дерке душар болған жандарға да көмек қолын созды. Қайырымдылықпен қатар өз білімдерін молайтып, ШҚО өзге де еріктілер топтарымен тәжірибе алмасып, түрлі тренингтер өткізді.
Еліміздің болашағы жалынды жастардың қолында!