13-14 мамырда Ақтау және Жаңаөзен қалаларында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған қазақстандық жоғары оқу орындарының ауқымды көрмесі өтіп жатыр. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-мен бірге Қазақстанның өзге де жоғары оқу орындары білім беру бағдарламалары мен болашақ студенттерге арналған мүмкіндіктерін ұсынды.

Көрме жұмысы барысында ЖОО өкілдері талапкерлер мен олардың ата-аналарының қабылдау науқандары, академиялық ұтқырлық бағдарламасының мүмкіндіктері, өз ЖОО-ның халықаралық ынтымақтастығы, студенттік өмір және өзге де сұрақтарына жауап берді.

Талапкерлер жастарға арналған нысаналы білім беру гранттары шеңберінде оқуға түсу тәртібі және тегін оқу мүмкіндігі туралы толыққанды ақпаратпен қамтамасыз етілді.