30 науырыздан бастап Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ оқытышылары мен қызметкерлері короновирусқа қарсы вакцина салдыруда. Алғашқылардың бірі болып препаратты университет ректоры Жасұлан Шаймарданов алды. Сол күні ректор қызметкерлерімен вакцинаға байланысты пікірімен бөлісіп, оның маңыздылығы жайында айтқан. Осылайша, бірінші күні білім ордасының жұмысшыларының басым бөлігі екпе салдырды.
ШҚТУ-дың бірінші проректоры Сауле Рахметуллина өз пікірі мен екпеден кейінгі қал жағдайымен бөлісті.
- Екпені салуға бір-екі минут уақыт қана кетті. Әр азамат туралы ақпарат электронды базада бар. Дәрігер оны қарап, қан қысымын тексеріп, коронавирус инфекциясы симптомдары болған болмағанын сұрады. Кейін екпе салдыруға келісім беретін қағазға қол қоясың. Процедурадан кейін мені жарты сағат көлемінде бақылауда ұстады. Шынымды айтсам ерекше ештене сезбедім, қал жағдайым әдеттегідей болды.
Екпе салдырғаннан кейін пациентке «Спутник-V» препаратының бірінші дозасын алғаны туралы және екінші компонентті салатын уақыты көтсетілген SMS- хабарлама келеді.
Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл пандемиядан жаппай вакцинация жасау арқылы ғана шыға алатынымызды айтқан болатын.