20.05 - 25.05.2022 ж аралығында "EKTU Otbasy - ырыс-береке аймағы" жобасы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың қызметкерлері мен білім алушылары арасында олардың шығармашылық әуестігі мен хоббиін анықтау мақсатында мониторинг жүргізілді.
Шығармашылық әуестену және бос уақытты университет қабырғасында ұйымдастыру тақырыбы университет ұжымында үлкен қызығушылық тудырды. Сауалнамаға 689 адам қатысты, оның ішінде 51,7% - ерлер, 48,3% - әйелдер; респонденттердің жасы - 15-тен 69 жасқа дейін.
Респонденттерге өз пікірлеріне сәйкес келетін жауаптарды белгілеу арқылы барлық сұрақтарға жауап беру өтініліп, 4 сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылды. Сауалнама сұрақтарын құру барысында ұжым мүшелерінің негізгі шығармашылық қызығушылықтары барынша ескеріліп, олардың университет қабырғасында бос уақыттарын ұйымдастырудағы сұраныстарын толық анықтау көзделді.
Сауалнама сұрақтары:
- Сіз немен әуестенесіз? / хоббиіңіз бар ма?
- Өз әуестенушілігіңізді / хоббиіңізді белгілеңіз?
- Сізді не қызықтыруы мүмкін? Немен әуестенгіңіз келер еді?
- Университетте қандай шығармашылық алаңдар мен шеберлік сыныптар өткізуге болады?
Сауалнама нәтижелерін талдау көрсеткендей, респонденттердің 84,3% - ның қызығушылығы мен хоббиі бар, атап айтқанда, 79% - спорт (46,1% ерлер, 33,3% -әйелдер), 34% - көркем әдебиет оқу (4,7%, 29%), 37% - ойын (25,3%, 10,7%), 32,2% - сурет салу (19,2%, 13%), 31,6% - автомобильдер (23%, 8,6%), 23% - би (5,3%, 17,7%), музыкалық аспапта ойнау - 18,1% (3%, 15,1%), сән және стиль-19,7% (7,6%, 12,1%). Бұл шығармашылық әуестіктерден басқа дизайн (17%), кино (11%), пішу және тігу (9,2%), ас әзірлеу (0,3%) атап өтілді.
EKTU Otbasy мүшелерінің қызығушылықтары мен шығармашылық әлеуетін анықтау мақсатында сауалнамада респондентті қандай қызығушылық, шығармашылық іс-әрекет немесе хобби қызықтыруы мүмкін деген сұрақ қойылды.
Ең үлкен артықшылық төмендегі әуестіктерге берілді:
спорт - 31,8%, автомобиль - 26,9%, музыкалық аспапта ойнау - 25,4%, би - 23,3%, дизайн - 20,4%, сән және стиль - 19,4%, көркем әдебиетті оқу - 17,9%, сурет салу - 17,4%, гейминг - 17,4%. Сауалнама барысында ең аз таңдалғаны: кинематограф (15,5%), вокал (13,9%), визаж (11%), қолөнер (9,3%) болды
Сауалнама нәтижесі бойынша унивеситетімізде қандай шығармашылық алаңдар (курстар, шеберлік сыныптары) қажет етілетіндігі анықталды: 33% - бір фильм кеші, 31,9% - автоклуб, 26,9% - туризм, 25,7% - хореография, 24,3% - веб технологиялар, 24,6% - сурет салу студиясы,23,4% - аспаздық шеберлік сыныбы, 21,9% - музыкалық топ, 19,3% - стендап мектебі, 18,5% - визажистерге арналған курстар. Университет қызметкерлері мен білім алушыларын вокалдық студия (17,3%), актерлік шеберлік студиясы - (17,2%), шешендік клуб (14,9%) және мүсіндеу (13,1%) қызықтыратындығын білдік.
Сауалнама нәтижелері жобамыздың "Шығармашылық ортадағы креативті тұлға" бағытын одан әрі жүзеге асыруға және ЖОО ұжымының шығармашылық әлеуетін дамыту үшін қолайлы орта құруға көмектесетіндігіне сенімдіміз.