Мамандық таңдау өте жауапты, қиын да, күрделі іс. Жоғарғы сынып оқушыларын толғандыратын үлкен мәселе деп айтуға болады. Осы орайда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер бойынша проректоры Жадыра Конурбаева бастаған бір топ оқытушылар қауымы профориентациялық жұмысты Зайсан ауданынан бастап кетті.

Зайсан қаласындағы М.Әуезов, М. Ломоносов, М. Дауленов, Ю. Гагарин, Х. Мустафина орта мектептерінінің 9-11 сыныптарына бағыт-бағдар беріп, университетіміздің білім беру бағдарламалары туралы айтып, толық ақпараттармен бөлісіп, кеңестер берді.

Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жауап алып қайтты. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтардың бәрі бар десек, артық айтқандық емес. Президентіміздің биылғы жылғы жолдауында техникалық мамандықтарға деген қажеттіліктің қаншалықты жоғары екені көрсетілді.

11 сыныптың оқушыларына ҰБТ сынағынан сүрінбей өтіп, өздерінің таңдаған ЖОО студенттері атануларына сәттілік тілейміз!