Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен «Казцинк» кәсіпорнының волонтерлер ұйымы бірлесіп жаңа жобаларды жүзеге асырып, ынтымақтаса жұмыс жасайтын болады.

Бүгін ШҚТУ бірінші проректоры Сәуле Рахметуллина және Жоғары жастар парламентінің қызметкерлері «Казцинк» өкілдерімен кездесті. Іс –шара мақсаты – екі ұйым бірлесе отырып волонтерлікті дамыту. Жиналыс барысында екі жақтан ұсыныстар айтылып, алдағы уақытқа жоспарлар айқындалды.

Мәселен, әріптестіктің алғашқы жобаларының қатарында мүмкіндігі шектеулі жандарды оның ішінде жасөспірімдер мен балаларды әлеуметтендіру. Өндіріс ардагерлерін студенттермен байланыстыратын іс-шаралар ұйымдастыру. Сонымен қатар, балалар үйінің 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізу жоспарлануда.

Кездесу нәтижесінде екі тарап Наурыз мейрамы қарсаңында алғашқы бірлескен жұмысты жүзеге асыратын болып шешті.