ШҚТУ профессоры Борис Дьячков «Қазақстанның құрметті академигі - 2020» республикалық байқаудың жеңімпазы атанды. Байқау Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауындағы білім беру ұйымдарының педагоктары мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында қолға алынған «Дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту» жобасы аясында ұйымдастырылды.

ШҚТУ ұжымы Борис Александровичті жеңісімен құттықтайды!